Флешмоб арқылы қолдау көрсетті
Флешмоб арқылы қолдау көрсетті
168
оқылды
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері қыс­қы Олимпиадаға қатысатын Қарағанды облысының спортшыларын қолдау мақсатында флешмоб өткізді. Акцияның бастамашысы Денешынықтыру және спорт басқармасы болды. Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының алдындағы алаңға ЖОО-ның 50 оқушысы жиналды. Студенттер би билегеннен кейін, қарағандылықтарға 4 жылдық басты жарыстарда сәттілік тіледі. Бұл жолы Қарағанды облысы­нан Олимпиадаға биатлоншы Владислав Киреев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова қаты­сады. Екі спортшының да Қазтұты­ну­одағы Қарағанды универ­ситетіне тікелей қатысы бар. Екатерина Айдова – университет түлегі, ал Владислав аталған жо­ғары оқу орнында оқуын жал­ғастыруда. «Екі спортшы да біздің тәрбие­ленушілеріміз. Екатерина мен Владиславтың алдында үлкен мін­дет тұр. Осындай маңызды спорт­тық жарыста еліміздің намысын қорғау соларға жүктеледі. Олар жарыста жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінсе дейміз. Біз саңлақтарымызға сенеміз, – дейді ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы қысқы спорт түрлері бойынша ОРМБЖМ басшысы Гүлнар Әліқұлова. Екатерина Айдова – төрт құрлықтың чемпионы. XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ол 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жү­гіру спортында үш лицензия жеңіп алды. Ал биатлоншы Владислав Киреев – ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы. Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. Жарыста Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды.

А.ЖАСАНҰЛЫ