Монпелье турнирін жеңіспен бастады
Монпелье турнирін жеңіспен бастады
137
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлем­нің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Фран­ция) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады. Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Бублик алғашқы кездесуін әлемдік рейтингте 62-орында тұрған нидерландтық Таллон Грикспурмен өткізді. Тай-брейкке дейін барған екі сетте де қазақстандық теннисші сәтті ойнай білді – 7:6 (7:4), 7:6 (7:5). Екі сағатқа жуық уақытқа со­зыл­ған тартысты кездесуде Алек­сандр 20 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды. Қарсыласы 9 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді. Бублик екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, германия­лық Петер Гоевчик немесе рейтинг­те 113-сатыдағы франциялық Пьер-Юг Эрбердің біреуімен күш сынасады. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында дәл осы Эрберге есе жіберіп, негізгі додаға қосыла алмай қалған болатын. Жүлде қоры 430 мың еуроға жуықтайтын Монпелье жарысы 6 ақпанда мәреге жетеді.

А.ЖАСАНҰЛЫ