Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.Қазақстанда өткен тәулікте 7149 адамнан коронавирус анықталды.