Құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген әйел ұсталды

Құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген әйел ұсталды

Полицейлер Түркістан облысында құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген әйелді ұстады.

Түркістан ҚПБ-ға ер адам қонаққа келген әйелдің бірі құны 500 мың теңге тұратын тонын ұрлап кеткеніне шағымданды. Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Полицейлер күдіктіні бір күнде анықтап, ұстады. Күдікті әйел жәбірленушінің танысы екені анықталды. Құрбысымен бірге жәбірленушінің үйіне қонаққа келген. Көңіл көтеріп отырған кезде күдікті әйел ешкімге байқатпай үй иесінің тонын ұрлап кеткен. Тонды ломбардқа 100 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Бұған дейін Президент ломбардтар мәселесін шешуді тапсырған болатын.