Әсіресе, әр аймақтағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істейміз – Мәжіліс төрағасы
Нұрбек БАҚЫТ
Әсіресе, әр аймақтағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істейміз – Мәжіліс төрағасы
Ол қоғамда өзгеріс жасауда халықтың үніне құлақ асу маңызды екенін айтты.
«Қаңтар оқиғасы ел үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Енді қоғам үнін естіп, халықтың тілін түсіну кез келген келеңсіздіктің алдын алудың алғышарты екені түсінікті. Сондықтан депутаттар, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.