2021 жылы Арал өңірінде 17 көл толығымен тартылды

2021 жылы Арал өңірінде 17 көл толығымен тартылды

Қазақстанда су жетіспеу мәселесі, әсіресе Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өзекті болып отыр. Бұл туралы Nur Otan партиясының бір топ депутаттарының Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалынан белгілі болды.

"Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экологиялық ахуалы Сырдария өзенінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді болғанымен, кейінгі кезде Арал – Сырдария бассейніне қатысты мемлекеттер өзеннің төменгі су ағысына су жіберу міндеттерін көп жағдайда орындамай жүр", – делінген депутаттық сауалда.