Қазақстан аумағынан 311 млн теңгеден астам ақша алып шықпақшы болғандар ұсталды - ҰҚК
Қазақстан аумағынан 311 млн теңгеден астам ақша алып шықпақшы болғандар ұсталды  - ҰҚК
© ҰҚК
268
оқылды
Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24-31 қаңтар аралығында шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында жалпы сомасы 311,5 млн теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісі анықталған. Материалдар мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілген. Осы орайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға қомақты ақшаны (он мың доллардан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтау және декларациялау қажеттігін еске салады.