Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты мәлімдеме жасады
Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты мәлімдеме жасады
© olympic.kz
438
оқылды
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, – деп хабарлады Olympic.kz.
"Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар", – дейді Жүсіпов.
Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы. Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын.