Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамаларының бас бапкерлері тағайындалды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамаларының бас бапкерлері тағайындалды
204
оқылды
Ауыр атлетикадан ҚР құрама командасының бас бапкерлері тағайындалды. Ерлер командасын Смаханов Нұржан Дәуренбекұлы, әйелдер командасын – Сивохин Иван Павлович басқарады, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Федерация ҰОК және Мәдениет және спорт комитетімен келісе отырып, Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға-ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.
"Бірінші кезекте Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті тағайындалуымен құттықтағым келеді! Олардың екеуі де жоғары профильді мамандар, құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы – нәтижелер бар",–  дейді ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов.
Командалар биылғы жаңа жылда бірінші ОЖЖ кірісті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар толық қатыса алмады, бірақ біз 13 ақпанда басталатын екінші жиынға ұжымдар толық құрамда болады деп үміттенеміз.