Аяғымен лифт шақырған жедел жәрдем қызметкеріне айыппұл салынды
Аяғымен лифт шақырған жедел жәрдем қызметкеріне айыппұл салынды
469
оқылды
Әлеуметтік желіде "Ақ дидар" тұрғын үй кешенінде жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның лифт батырмасын аяқпен басқаны түсірілген видео тарады. Кадр тарағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тәртіп бұзушыны тапты. Полиция аталған дерекке қатысы бар 24 жастағы фельдшерді анықтады.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның «Ақ дидар» тұрғын үй кешенінде лифт панелін аяқпен басып, лифт шақырған видеосы табылды. Полицейлер видеодағы жігіттің 24 жастағы фельдшер екенін анықтады. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған мәліметте.