Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: halqym.kz
456
оқылды
Қазгидромет синоптиктері бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 3 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында тұман болады. Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.