Несие рәсімдемек болған ақтөбелік 24 млн теңгесінен айырылды
Несие рәсімдемек болған ақтөбелік 24 млн теңгесінен айырылды

Ақтөбеде алаяқтық жолмен есепшотына 24 млн теңге аудартып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны алаяқтық жолымен кәсіпкерлерді дамыту қорынан несие алуға көмек көрсету сылтауымен өзінің танысының ақшасын иемденген. Жәбірленушінің айтуынша, танысы банк қосымшасы арқылы өз шотына шамамен 24 млн теңге сомасында аударым жасаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы  мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.