Дәрігерлер бала күнінен балдақпен жүрген ер адамның екі аяғын теңестіріп берді
Дәрігерлер бала күнінен балдақпен жүрген ер адамның екі аяғын теңестіріп берді
Фото: ОКА-дан алынды
353
оқылды

Алматыда дәрігерлер 34 жастағы ер адамның аяғына күрделі операция жасады.

Орталық клиникалық аурухананың мәліметінше, операциядан соң ер адамның сол аяғы 5 сантиметрге ұзарып, екі аяғы теңесті.
Қызылордадан келген ер адамға дәрігерлер «Жамбас сүйегінің туабітті кемістігі. 3-типтегі CROWE» диагнозын қойған.
Ортопедтің айтуынша, жігіттің оң аяғы сол аяғынан 6 см ұзын. Сондықтан ол бала күнінен балдаққа сүйеніп жүрген.
«Эндопротездің көмегімен сол жақ жамбас сүйегін толық ауыстырып, сол жақ жамбасты анатомиялық жағынан ұзарттық», – дейді клиниканың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекелов.
Операция 2,5 сағатқа созылды.