Ауыр атлетикадан құрама команданы жаңа бапкерлер жаттықтырады
Ауыр атлетикадан құрама команданы жаңа бапкерлер жаттықтырады
183
оқылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас бапкерлері тағайындалды. Ерлер командасын Смаханов Нұржан Дәуренбекұлы, әйелдер командасын Сивохин Иван Павлович басқарады. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін федерация ҰОК, Мәдениет және спорт комитетімен келісе отырып, Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға – ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Алдияр Нұралинов жаңа бапкерлердің қызметіне сәттілік тіледі. – Біріншіден, Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймын. Олардың екеуі де білікті, мықты мамандар. Құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы – нәтижелер жақсы. Командалар биылғы жаңа жылда бірінші ОЖЖ кірісті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшы толық қатыса алмады. Бірақ біз 13 ақпанда басталатын екінші жиын толық құрамда өтеді деп үміттенеміз, – деді Алдияр Нұралинов.