Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өткен түнде Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге барды. Бұл туралы Instagram желісінде Dar Pro Team жекпе-жек клубы мәлімдеді.
«Шавкат Рахмоновтың октогонға оралуына санаулы күндер қалды», – деп атап өтті промоутер.Спортшы жаттығудың соңғы кезеңін АҚШ-та өткізді. 5 ақпан күні Шавкат бразилиялық файтер Карлстон Харриспен айқасады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы аталған ұйымға 2020 жылдың қазанында қадам басқан болатын. Бірінші кездесуінде бразилиялық Алекс Оливейраны (22-11-1) бірінші раундта жеңді. Екінші айқасында тағы бір бразилиялық спортшы Мишел Празеристі (26-4) екінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.