Бүгін Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды.
2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті. Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.Керлингтен дабл-микст бойынша 10 құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң 4 үздік команда жартылай финалға жолдама алады.Финал және қола медаль үшін аталған спорт түрінен спорттық жарыс 8 ақпанға жоспарланған.