15 жыл үй қызметшісі болған әйел вице-министр атанды
15 жыл үй қызметшісі болған әйел вице-министр атанды
Фото: Twitter.com/luzvidalh
186
оқылды

Чили президенті Габриэль Борис 1 ақпанда елдің жаңа үкіметінің құрамын жариялады. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Чили президенті министрлердің орынбасарын тағайындаған. Вице-министрлердің бірі үй қызметшісі болып 15 жыл жұмыс істеген. Луис Видал Уирикео Әйелдер істері және гендерлік теңдік министрінің орынбасары атанды. Оның 15 жыл бойы Чилидегі түрлі отбасында үй қызметшісі болғаны туралы қысқаша өмірбаянында жазылған. Луис Видал Уирикеоның вице-министрлікке тағайындалғанын Үй қызметшілері кәсіподағының экс-басшысы растады. Еске сала кетейік, 35 жастағы Габриэль Борис Чили тарихындағы ең жас президент болған еді.