Ұлттық банк төрағасы болып Ғалымжан Пірматов тағайындалды.
Ғалымжан Олжайұлы Пірматов 1972 жылы туған. Новосібір мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша математик. «Қазақстан халық банкі» АҚ-да қызмет етті. «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2015-2017 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. 2018-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласына әкім болды.