Биыл 1 ақпанда сағат 13:55-те бидай тиелген 12 вагон рельстен шығып кетті.
Бүгінге дейін Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚТЖ хабарлады. Апат салдарын жою үшін 200-ге жуық теміржолшы еңбек етті. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолының» арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Пойыздар қозғалысы ашылды.Пойыздың жолдан шығуына Ресейге тиесілі вагонның бүйір рамасының сынуы себеп болған. Шығынды кінәлі тарап өтейді.