Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған әйелді өлтірген күдікті ұсталды
© stan.kz
257
оқылды
Шымкентте денесі қоқыстан табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаменті.  Полицейлер күдіктіні куәгерлердің берген жауабы мен бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Күдікті 1970 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің бет-аузы қан-жоса, соққыға жығылғаны байқалады. Бұған дейін Шымкентте қоқыстан әйелдің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.