Бейнеуде ер адам букмекерлік кеңсені өртеп, оны видеоға түсірген
Бейнеуде ер адам букмекерлік кеңсені өртеп, оны видеоға түсірген
© stan.kz
278
оқылды
Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберген. Ал оқиғаны видеоға түсіріп алған. Айтуынша,  өзі де құмар ойын ойнап, 200 миллион теңгесінен айырылғандықтан, осындай қылмысқа барған, – деп жазады Лада басылымы. 
"Мен мұның ауру екенін білемін. Ойын ойнаған жылдарда 200 миллион теңгеден айырылдым. Төрт балам, отбасым, достарым бар. Ойын үшін жақындарымды алдадым. Лото сынды құмар ойындар ойнайтындардың не нәрсеге дайын екенін білемін. Олар соңғы мүлкін де сатып жібереді. Қанша отбасының шырқы бұзылды. Өз-өзіме қол салу жайлы ойлар келген күндер де болды. Бұл ғимаратты өртемеске болмады. Жауапкершіліктен қашпаймын және не нәрсеге бара жатқанымды білемін. Жастар менің қателігімді қайталап, барлығынан ұтылып қалмаса деймін. Мен үшін ұялсаңыздар, барлықтарыңыздан кешірім сұраймын", – дейді ер адам видеода.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бейсенбі, 3 ақпанда болған. Күдікті ұсталған.
"Аталған оқиға бүгін, 3 ақпанда тіркелді. Сағат 11 шамасында полицияға ойын клубындағы өрт бойынша шақыру түсті. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе зақым келтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=HaHGISPYamg