Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.
"Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады", - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін туроператорлардан субсидияға өтініш түспеген.