«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасады.
"Құрметті достар! Кеше «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы ретінде жұмысқа кірістім.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.Алдымызда атқаратын жұмыстар көп. Партияның алдында тұрған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді саламыз.Елорда әкімдігіндегі барлық әріптестеріме, бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыс білдіремін.
Жаңа идеялар мен ұсыныстарға әрқашан ашықпыз!" , - деп жазды ол.