ШҚО-да бір айда 23 егіз дүниеге келді
ШҚО-да бір айда 23 егіз дүниеге келді
Шығыс Қазақстанда былтыр 200 егіз бен үшем дүниеге келіпті. Ал биыл тек қаңтар айында облыста 23 егіз бен бір үшем өмір есігін ашқан.
«Үшем Семей қаласындағы перинаталдық орталықта дүниеге келді» дейді Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбекқызы.
Жалпы, өңірде 2021 жылы 22 мыңнан астам сәбидің кіндігі кесіліпті.