Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ", – деп жазды ол.