6 қалада интернет шектелді
6 қалада интернет шектелді
© inbusiness.kz
123
оқылды
Beeline компаниясы Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында мобильді интернет қызметі шектелгенін растады, – деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз адамдар Beeline-ға тиесілі талшықты-оптикалық кабельге зақым келтірген. Бүгінде ұялы байланыс операторының инженерлері байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.