Оралда есірткі зертханасы жойылды

Оралда есірткі зертханасы жойылды

28 қаңтарда Оралда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасы ұйымдастырушыларын анықтады, – деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі адам есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.

"17 келі марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ, кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді" делінген хабарламада.