Батыс Қазақстан облысында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде тонауға қатысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі тексеріс кезінде тоқтатылды. Полиция қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, жүргізуші 5 қаңтарда Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде "Мәскеу" сауда үйін тонауға қатысқан. Ол 31 ұялы телефон, үш ноутбук және үш планшет алып кеткен. Оның көлігін тінту барысында полиция 23 ұялы телефонды тапты. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=rMtHCowLuHE&feature=emb_title