Өзгенің көлігін айдап кету көбейді
Өзгенің көлігін айдап кету көбейді
196
оқылды
Polisia.kz сайтының жазуына қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында көлікті айдап кету деректері жиілеген. Жыл басынан бері осындай 15 дерек тіркеліпті. Арнайы талдау көрсеткендей, жыл басынан бері елордада өзгенің көлігін айдап әкету фактілері былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 5 есе өсіпті. Былтыр жаңа жылдан кейінгі бір айда мұндай 3 дерек қана тіркелген. Биыл олардың саны 15-ке жетіп отыр. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында барлық көлік құралдары табылып, иелеріне қайтарылды. Дегенмен көліктен зат ұрлау деректері былтыр­ғыға қарағанда аз екен. Мәселен, былтыр қаңтар айында автокөліктен зат ұрлаудың 21 дерегі тіркелсе, осы жылы 9 ұрлық тіркелген.