4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: chusokrug.ru

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс пен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, батыста жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының батысына, Маңғыстау облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Аталған өңірлердің шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады. Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Аталған өңірлердің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының Мұғалжар стансасында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз Қарағанды облысының батысында желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде шығысында тұман күтіледі.