Алматы облысында ерлі-зайыптының екі баласымен бірге мәйіті табылды
Алматы облысында ерлі-зайыптының екі баласымен бірге мәйіті табылды
Фото: nation-news.ru

Алматы облысында бір отбасы түгел көз жұмды.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 адамның мәйіті 2 ақпан күні Талдықорған қаласы Еңбек ауылында табылды.

«Бір отбасынан 4 адамның жансыз денесін жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласында орналасқан уақытша тұруға арналған баспанадан тапқан. Екі ересек адам – 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған балалар да көз жұмған», – дейді құтқарушылар.

Барлығы 2-3 күн бұрын қайтыс болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мамандар өлім себебін анықтап жатыр.

Бұған дейін Түркістан облысында әйел төрт баласымен газға уланып көз жұмғанын жазған болатынбыз.