Үйден шықпай-ақ, баспана кезегіне онлайн тұруға болады
Үйден шықпай-ақ, баспана кезегіне онлайн тұруға болады
Фото: consultmill.ru
526
оқылды

Бұдан былай тұрғын үй кезегіне тұру үшін өтінімді қабылдау egov.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарлады. Еgov.kz порталы арқылы кезекке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңба керек. ЭЦҚ арқылы жүйеге кірген адамның кірістері, тіркеуде тұрған мекенжайы, қандай санатқа жататыны туралы мәліметтің бәрі өздігінен шығып тұрады. Баспана кезегіне өтініш беретін адам қалада үш жыл тұрақты тіркеуде тұруы шарт. Өтініш берген адамның және оның отбасы мүшелерінің кезекке тұрған сәтте және соңғы 5 жылда ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауы тиіс. Тұрғын үй кезегіне мына адамдары тұра алады: * Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушылары; * жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; * халықтың әлеуметтік осал топтары; * көпбалалы отбасылар; * мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; * жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын санаттар? * Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; * мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; * кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар: * жасына байланысты зейнеткерлер; * жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; * көп балалы отбасылар; * толық емес отбасылар; * I және II топтағы мүгедектер; * қандастар; * экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; * Мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды да egov.kz порталы арқылы электронды түрде ЭЦҚ көмегімен жүктеп өткізеді.