Дамыған Қазақстан: Ақтөбеде әжелер байланыс іздеп, үйдің шатырына шығып жүр
Дамыған Қазақстан: Ақтөбеде әжелер байланыс іздеп, үйдің шатырына шығып жүр
198
оқылды

Ақтөбе облысы Шеңбертал ауылында байланыс жоқ. Мың жарым тұрғыны бар елдімекенде әжелер байланыс іздеп, үйдің шатырына шығып жүр. Бұл жайында журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Шеңбертал ауылында бар-жоғы 150 оқушы бар. Олар сабақты онлайн қалай оқыған? – Ұялы байланыс жоқ. Біреуге хабарласу үшін әжелер шатырға шығып, жастар ағашта өрмелеп жүр. Сонда, бұл ауылдың оқушылары сабақты онлайн қалай оқыған? Жүре берсең елімізде “қызық” көп))) Онсыз да байланысы мінсіз мегаполистерге 5G тартқанша, шалғай ауылға көңіл бөлсеңіздер, мырзалар, – деп жазған.