Қаңтар оқиғасы: уақытша ұстау изоляторынан 103 азамат босатылды
Қаңтар оқиғасы: уақытша ұстау изоляторынан 103 азамат босатылды
Фото: instagram.com/advokat_oleg_chernov
146
оқылды
Прокуратураға лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, тергеу барысында қысым көрсету фактілері бойынша 148 шағым түсті.  Олардың 105-і бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. 
«Мысалы, прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды. Соттар да 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Сонымен қатар, бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетудеміз. Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және Шығыс Қазақстанда 1 адамды қамаудан босатты, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді», – деді Қилымжанов.