Синоптиктердің мәліметінше, сегіз өңірінде тұман түсіп, жел екпіні күшейіп, боран тұрады. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді, кей жерлерде күндіз 23 м/с-ға жетеді. Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерде 25 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысқан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-батысында және облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Сонымен қатар, Алматы облысында тұман түсуі мүмкін. 6 ақпанда көктайғақтың болуы болжанады. Талдықорғанда түнде және таңертең метеорологтар тұман түседі деп болжайды. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел ұйтқиды, күндіз облыстың батысында екпіні 17-22 м/с жетеді. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Атырау қаласында тұман түседі деп күтіледі.