4 ақпанда Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтері "асқазан трихобезоары" диагнозы қойылған қызға ота жасады. Олар 4 жасар баланың асқазанынан салмағы бір келі және ұзындығы 34 сантиметр болатын шашты алып тастады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, сәби оларға тәбетінің төмендеуі, іш ауруы, құсу шағымдармен келіп түскен. Дәрігерлер кішкентай қызды тексеру барысында жедел операция жасату керек деп ұйғарған.
"Операция сәтті өтті. Мұндай жағдай сирек кездеседі. Қазір қыздың денсаулығы жақсы. Ешқандай қауіп болмайды", –дейді хирург Әлімжан Төлегенов