Алматыдағы Magnum дүкендерін тонау сәтінің видеосы жарияланды
Алматыдағы Magnum дүкендерін тонау сәтінің видеосы жарияланды
Фото: ktk.kz
Magnum дүкендер желісінің өкілі Дмитрий Шишкин қаңтардағы ойрандау кезінде дүкендерге келген залал туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаңтардағы оқиғалар кезінде Magnum-ның 15 дүкені толығымен тоналған (дүкен сөрелерінде ештеңе қалмаған) және тағы 11 дүкен ішінара тоналған. Үш дүкен жай тоналып қана қоймай, қиратылған: сауда жабдықтары, сөрелер, техника мен жиһаздар сындырылған. Залалдың жалпы сомасы 11 млрд теңгені көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=JsN_U2FDJHQ
Дүкендер желісінің күзет қызметі бейнебақылау камерасындағы барлық жазбаны жинап, құқық қорғау органдарына ұсынды. Дүкенді тонауға келгендердің көпшілігі мас болған, олар азық-түлікті өзімен бірге алып кетпеген, сол жерде ішіп-жеген.
Полиция департаменті қызметкерлері дүкендерде бөтелкелерде, қаптама секілді заттарда қалған саусақ іздерін жинады.
"Кей күдіктілер қазірдің өзінде келіп, залалды өз еркімен өтеп жатыр. Олар мұның сотта еленгенін қалайды", - деді Дмитрий Шишкин.

Тонаушылардың көбі ұсталды. Ойрандауға қатысқан күдіктілерді көбірек анықтау үшін тергеушілер толағай жұмыс атқаруы керек.

https://youtu.be/0mSjeyshubY Қаңтардың 4-нен 5-іне қараған түні басталған жаппай тәртіп­сіз­дік­тің салдарынан Алматы эко­но­ми­ка­сы едәуір зардап шекті. Жалпы, ел ау­мағындағы бизнес нысандарына келген зар­даптың 90 пайызға жуы­ғы осы мегаполиске тиесілі.
Атап айтқанда, қалада 1 399 нысанда ор­­наласқан 1 237 субъек­ті зардап шеккен. Оның ішін­де 1 245 әртүрлі деңгейдегі сау­­да, 25 қоғамдық тамақтану орын­дары мен 37 қаржы секторы­мен қоса, 9 ло­гис­тика саласында­ғы нысандар. https://youtu.be/TKDx0zBNLdQ