Magnum дүкендер желісінің өкілі Дмитрий Шишкин қаңтардағы ойрандау кезінде дүкендерге келген залал туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаңтардағы оқиғалар кезінде Magnum-ның 15 дүкені толығымен тоналған (дүкен сөрелерінде ештеңе қалмаған) және тағы 11 дүкен ішінара тоналған. Үш дүкен жай тоналып қана қоймай, қиратылған: сауда жабдықтары, сөрелер, техника мен жиһаздар сындырылған. Залалдың жалпы сомасы 11 млрд теңгені көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=JsN_U2FDJHQ
Дүкендер желісінің күзет қызметі бейнебақылау камерасындағы барлық жазбаны жинап, құқық қорғау органдарына ұсынды. Дүкенді тонауға келгендердің көпшілігі мас болған, олар азық-түлікті өзімен бірге алып кетпеген, сол жерде ішіп-жеген.
Полиция департаменті қызметкерлері дүкендерде бөтелкелерде, қаптама секілді заттарда қалған саусақ іздерін жинады.
"Кей күдіктілер қазірдің өзінде келіп, залалды өз еркімен өтеп жатыр. Олар мұның сотта еленгенін қалайды", - деді Дмитрий Шишкин.
Тонаушылардың көбі ұсталды. Ойрандауға қатысқан күдіктілерді көбірек анықтау үшін тергеушілер толағай жұмыс атқаруы керек.
https://youtu.be/0mSjeyshubY Қаңтардың 4-нен 5-іне қараған түні басталған жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан Алматы экономикасы едәуір зардап шекті. Жалпы, ел аумағындағы бизнес нысандарына келген зардаптың 90 пайызға жуығы осы мегаполиске тиесілі.