Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты
128
оқылды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Мысырда өтіп жатқан ITF World Tennis Tour M25 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Бейбіт ширек финалда украиналық Георгий Кравченкомен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Жукаев 1 сағат 22 минутқа созылған кездесуде 8 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Енді ол финалға шығу үшін чехиялық Лукаш Росол немесе Беларусь өкілі Владимир Игнатиктің біреуімен кездеседі.

Әбілмансұр ЖАСАН