Кәсіпкерлерге көмек көрсетілмек
Кәсіпкерлерге көмек көрсетілмек
266
оқылды
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақ­тық қоғамдық кеңестің 2022 жылғы алғашқы бір­лескен отырысы өтті. Ең алдымен, күн тәртібіне сәйкес, облыс кәсіп­кер­лерімен бірлесіп, төтенше жағдай кезінде атқарылатын жұмыстар мен оларға көрсетілетін қолдау шаралары талқыланды. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік пала­тасының директоры Еркін Атымтаевтың мәліметінше, аймақта 30-ға жуық үлкен және шағын сауда-саттық ны­сан­дарына залал келтіріліп, 122 680 531 теңге шығын кө­лемі анықталған. Сондай-ақ отырыста азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды. Облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы бас­шысының орынбасары Гүлнұр Жорабекова алдағы жұмыс жоспарын мәлімдеді. Кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақ қойып, бірқатар ұсынысын білдірді. Оның ішінде кәсіби зардап шеккенін дәлел­дей алмай жүрген кәсіпкерлерге қол ұшын созу және азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысына қатысты келелі кеңес беріп, пікір айтты.