Нұр-Сұлтанда – индустриялық парк
Нұр-Сұлтанда – индустриялық парк
182
оқылды
Елордада екінші индус­триялық парктің құрылысы 2023 жылы басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы­ның Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқар­масы басшысының орынбасары Азамат Әбдуәлиев айтты. «Қазір бірінші парктің 100% толғанын ескере отырып, №2 индустриялық парк құру туралы шешім қабылданды. Осы мәселе бойынша алдын ала жоспар әзірленді. Оны дайындауға сингапурлық JURONG ірі компаниясы тартылды», – деді А.Әбдуәлиев. Оның айтуынша, екінші парк аумағында 500 млрд теңгеге 150-ге жуық жаңа инвестициялық жобаны тарту жоспарланып отыр. Инфрақұрылым құны бастапқыда 143 млрд теңге болған. Бірақ техникалық-экономикалық негіздемені түзеткен соң, жоба құнын 88 млрд теңгеге дейін төмендету жоспарланған. «Бұл инфра­құрылым бізде 9 іске қосу кешені бар 3 кезекке бөлінген», – деді Азамат Әбдуәлиев. Парктің жалпы ауданы – 433 гектар, құрылыс жұмыстары 2030 жылға дейін созылады.

Көктем ҚАРҚЫН