19 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді
19 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді
Қытай астанасы Бейжің қаласында қысқы Олимпиада ойындарында 19 мыңнан астам волонтер жұ­мыс істейді. Бұл жөнінде Халықаралық Олимпиада комитетінің сессия­сында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлім етті. «Қазір қысқы Олимпиада ойын­дарында 19 мың волонтер қа­тысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар», – деді ол. Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар келеді деп күтілуде. Бұған дейін Оңтүстік Кореяда өткен 2018 жылғы Пхён­чхан Олимпиадасында 95 елден спортшылар келген еді. Айта кетейік, аталған Ақ Олим­пиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

А.ЖАСАНҰЛЫ