Джеки Чан Олимпиада алауын ұстады
Джеки Чан Олимпиада алауын ұстады
102
оқылды
Әлемдегі ең танымал киноактерлердің бірі Джеки Чан Бейжің-2022 қысқы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты. Ұлы Қытай қорғанында алау ұстап жүгірген­дердің арасында Джеки Чан да болды. Эстафетаны көруге жиналған жанкүйерлердің барлығы актерге қошемет көрсетті. «Таңғы 4.00 ояндым. Бұл менің төртінші Олим­пиадам. Шынымды айтсам, осындай эстафета алауы­мен жүгіруге мүмкіндік сыйлаған ұйымдас­тыру­шыларға алғыс айтамын. Өзімді бақытты сезініп тұрмын», – деді Джеки Чан. Еске салайық, Олимпиада ойындары Қытай астанасында ақпан айының 4 мен 20-сы аралығы өтеді. Қазірдің өзінде фристайл-могул, керлинг, шаңғымен тұғырдан секіру және өзге де спорттық ойындардың іріктеу кезеңдері басталып кетті.

А.ЖАСАНҰЛЫ