Оралда полиция басшысының орынбасары ұсталды
Оралда полиция басшысының орынбасары ұсталды
Сурет: gov.kz сайтынан алынды

Жедел іс-шаралар өткізу барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 366-бабына ("Пара алу") сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.
"ІІМ полицейлердің лауазымы мен атағына қарамастан, парақорлық пен азаматтардың құқықтарын бұзу деректерін одан әрі қатаң түрде тоқтата береді. Олардың кесірінен Қазақстан халқына адал қызмет етіп жүрген полицейлерге көлеңке түседі. Қатарымызды тазалау жалғасады", - деді ІІМ өкілі Арман Саданов.