"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын ресімдеу мен сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, - деп хабарлайды railways.kz.
Ұлттық компания бұл қызметтерді дербес ұсынатын болады. Жол жүру құжаттарын ресімдеу сайтта әдеттегі режимде жүргізілетін болады Жол жүру қабаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ кассаларда және онлайн сервистерде жүргізілетін болады. Бұл ретте сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушыларына ашықтық және айқындық қағидаттарында беріледі "Instant Payments" ЖШС-мен шартқа 2014 жылы 2023 жылдың соңына дейін әрекет ету мерзімімен қол қойылған еді.