Могулшы Дмитрий Рейхерд Бейжің олимпиадасының финалына шықты
Могулшы Дмитрий Рейхерд Бейжің олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысты. Іріктеу кезеңінде 74.90  ұпайын еншілеген Дмитрий Рейхерд финалға шықты. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11 орынмен аяқтады. Айта кетерлігі, финал елорда уақытымен сағат 17:30-да басталады.