Надежда Морозова: Дәл қазір бар күшімізді салатын уақыт
Надежда Морозова: Дәл қазір бар күшімізді салатын уақыт
Сурет: olympic.kz
161
оқылды

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова бүгін 3000 м қашықтық бойынша жарысқа қатысты. Дода аяқталғаннан кейін спортшы Olympic.kz сайтына бүгінгі нәтижесін қорытындылап берді.

"Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 м қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын", - деді Надежда Морозова жарыстан кейін.
Айта кетерлігі, Надежда Морозова бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады.