Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды
Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды
134
оқылды
Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд финалда өнер көрсетті. Бірінші финалда Рейхерд 76,90 ұпай жинап, сайысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Екінші финалда қазақстандық спортшы 76,77 ұпай жинады, алайда үздік алтылыққа кіре алмады. Сонымен қатар, ерлер арасында фристайл могулдан тағы бір отандасымыз өнер көрсеткен еді. Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінен өтпей қалды.