Ертең Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі өтеді
Ертең Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі өтеді
Фото: sports.kz
143
оқылды
6 ақпан, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 200 турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (14-0) гайандық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жегі өтеді. Турнирдің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен 03:00-де басталады, бас кард жекпе-жегі 06:00-де басталады, – деп жазады Sports.kz. Рахмонов — Харрис жекпе-жегі мэйнкард кестесінде төртінші орынға жоспарланған. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде мына жерден көруге болады. Шавкат Рахмонов үшін бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жек. Қазір ол ең үлкен ММА промоушенінде екі рет жеңіске жетті, бразилиялық Алекс Оливейра (22-11-1-2) мен Мишель Празеристі (26-4) жеңді. Карлсон Харриске келетін болсақ, ол да UFC-де екі рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.