Алматы облысында көлден екі адамның мәйіті табылды
Алматы облысында көлден екі адамның мәйіті табылды
250
оқылды
Балқаш ауданы Құйған ауылының екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түссіз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы рет 37 және 35 жастағы ер адамдар 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан. Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты (қатып қалған), мотоцикл көлге батып кеткен. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы - үш-бес сантиметр. Алматы облысының ТЖД азаматтардан сақтық шараларын сақтауды және қатпаған, жұқа мұз бетіне шықпауды сұрайды.